21 қазан 2021

Soft skills дамыту тренингі

            21.10.2021 ж. ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жоспары бойынша гуманитарлық-экономикалық факультетінде «Soft – skills» - икемді дағдылар, кең мүмкіндіктер ұранымен бітіруші курс білім алушылары үшін Soft skills дамыту, мансапты жоспарлау, өзін-өзі дамыту және тайм менеджмент бойынша тренинг өтті. Тренинг онлайн және офлайн режимінде өткізілді. Тренингке бітіруші курс білім алушылары және ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Эльдар Мырзабекұлы Тулеков, Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің әкімшілік директоры Мұсабаева Әсел Болатбекқызы (Нұр-Сұлтан қ.), «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, э. ғ. к.. асс. проф. Еспенбетова Баян Арапқызы, «ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, талдау және мониторинг бөлімінің маманы Балтабаева Нұргүл Қабрахманқызы қатысты, олар қазіргі уақытта болашақ мамандықтарына жетелейтін икемді дағдыларды меңгеру қаншалықты қажет екенін айтты.

            Сондай-ақ, білім алушылар «Идеялар матрицасы» тренингіне қатысты, онда оларға 2 сөзден 5-10 жыл ішінде пайда әкелетін болашақ өнімдерінің атауы мен сипаттамасын презентациялау ұсынылды. Білім алушылар белсенді болып, 4 командада жұмыс істеді. Тренинг соңында орындар анықталып, естелік сыйлықтар берілді.