28 қазан 2021

«Семей қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектеп» филиалына жұмыс сапар

28.10.2021 ж. «Семей қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының базасында ҒМБ бойынша директордың орынбасары Р. А. Қайыркеновамен  ББҮҰД карьера және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы, жаратылыстану-математика факультетінің кафедра меңгерушілері Г. С. Сапарова, Д. М. Оспанова, оқытушы Д. Р. Рахимова жұмыс кездесуін өткізді.

Жұмыс барысында жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша 2021-2022 оқу жылының 2 семестріне арналған іс-шаралар жоспары талқыланды:

- дуальді оқыту;

-3 курс білім алушыларының тағылымдамасы;

- НЗМ базасында 4 курс білім алушыларының өндірістік практикадан өтуі және орнату конференциясы;

- аралас оқыту (CLIL) технологиясы бойынша университет оқытушыларына арналған коучингтер.

Тараптар болашақта еңбек нарығында біздің түлектеріміздің нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.