2021 жылдың 21, 25, 28 қазанында университетте «Білім алушыларды даярлаудың табыстылық факторы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында жазғы өндірістік іс-тәжірибе нәтижелері бойынша 3,4 курс білім алушылары мен іс-тәжірибе база өкілдерінің қатысуымен қорытынды конференциялар өткізілді:
Инженерлік - технологиялық факультеті: Н.А. Демин – «Жылукоммуноэнерго» МКК техникалық директоры, К.О. Төлеубеков – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК АЭИ эксперименттік жылуфизика зертханасының инженері, Ж. Қ. Айтқалиев – «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК мед. физигі, Т.В. Дербяина – «Семей машина жасау зауыты» АҚ маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы.
Ветеринария және агроменеджмент факультеті: Ж.Б. Рақышев - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы ММ басшысы, М. К. Булатова – «Семей орманы» МОТР» РММ табиғатты пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің табиғатты пайдалану жөніндегі инженері, Т.Ө. Еркінов - ҚР АШМ «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Шығыс Қазақстан өңірлік бөлімшесінің бас ветеринариялық дәрігері, Г.С. Мамырбаева - ҚР АШМ АК МИК «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалының Шығыс Қазақстан аймақтық карантиндік зертханасының бас гербологы.
Гуманитарлық-экономикалық факультеті: М.М. Қалдыбаев – «Семей Агро Инвест» ЖШС бас экономисі, А.А. Аралбекова – «Solo-интерьер» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары, Н. А. Лылык – «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі.
Конференцияда 3, 4 курс білім алушылары іс-тәжірибе базалары бойынша өз есептерін ұсынды. Жұмыс берушілер тарапынан білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар мен тілектер айтылды:
- базаларда өткізілетін іс-шаралар бойынша іс-тәжірибе мерзімдерін анықтау;
- білім беру бағдарламаларына жаңа технологиялардың қажеттіліктерін тереңірек зерделейтін мамандандыру пәндерін көбірек енгізу қажет;
- іс-тәжірибе басталғанға дейін іс-тәжірибе базаларында таныстыру экскурсияларын өткізу;
- білім алушылардың іс-тәжірибеден өтуге неғұрлым байсалды көзқарасының қажеттілігі;
- жұмыс берушілер алдында өзіңді көрсете білу, қосымша машықтар алуға тырысу.
Конференция қорытындыларын талқылау кезінде жұмыс берушілер дуальды оқыту туралы ұсынысқа қызығушылық танытты.
Білім алушылар Қазақстанның аса ірі кәсіпорындарында (ұйымдарында, мекемелерінде) кәсіби іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді.