26 қараша 2024

Гендерлік теңдік: дамыған қоғамның кепілі

Shakarim University Психологиялық қолдау қызметі жетекшісі профессор Ш.Сатиева «Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебі»  студенттеріне “Гендерлік теңдік: дамыған қоғамның кепілі” тақырыбында тренинг өткізді. Профессор Ш. Сатиева гендерлік теңдіктің қазіргі қоғам үшін неліктен маңызды екенін, гендерлік стереотиптердің қалыптасуын және олардың әсерін түсіндірді. Тренинг барысында қатысушылар гендерлік теңсіздіктің әртүрлі аспектілерін, соның ішінде жұмыс орнындағы гендерлік теңсіздік, отбасылық қарым-қатынастар және медиа өнімдердегі гендерлік стереотиптерді талқылады. Гендерлік теңдікті нығайту бойынша тәсілдер мен шешімдер, сондай-ақ гендерлік теңдікке ықпал етудің жолдары талқыланды. Қатысушылар гендерлік теңдік туралы дәл түсініктерді алды және гендерлік стереотиптерді жоюға бағытталған нақты іс-қимылдарды талқылады. Профессор  Ш. Сатиеваның ұсыныстары қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Бұл ой-толғаулардың бірге орындалуы Shakarim University гендерлік теңдікті дамытуға үлкен үлес қосады деп сенеміз.