02 желтоқсан 2024

Шәкәрім университетінің психологиялық қолдау қызметі кинотерапияға шақырады

Шәкәрім университетінің психологиялық қолдау қызметі сіздерді көпшілікті толғандырған өзекті мәселелерді қозғайтын Руслан Берденовтің «Одержимость» атты деректі фильмін тамашалауға шақырады.

Кинотерапияның мақсаты: фильмді талқылау арқылы жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру, лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) мәселесіне назар аудару және тәуелділіктің алдын алу бойынша тиімді әдістерді түсіндіру.

Фильм туралы: Руслан Берденовтің «Одержимость» деректі фильмі лудоманияның себептері мен салдарын терең зерттейді. Фильм нақты кейіпкерлердің өмірлік оқиғалары арқылы ойынқұмарлықтың адамның психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсерін көрсетеді. Бұл шығармашылық туынды тек мәселені ашып қоймай, оның шешу жолдарын іздеуге шабыттандырады.

Шара барысында:

  • Фильм көрсетілімі.
  • Психологтардың қатысуымен талқылау және пікір алмасу.
  • Лудоманияның алдын алу жолдары бойынша ұсыныстар.

Өтетін орны: Шәкәрім университеті конференц-залы.

Уақыты:  17.00  (2– 13 желтоқсан аралығында  2024 жыл ).

Кинотерапия - бұл мәселені терең түсінуге, өзіңізді тануға және болашақта тәуелділіктің алдын алуға мүмкіндік беретін ерекше әдіс.

Баршаңызды осы маңызды шараға шақырамыз!
Шәкәрім университетінің психологиялық қолдау қызметі.