10 қарашада ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінің өкілімен "Жас Өркен" жобасына қатысты кездесу ұйымдастырды.
"Жас Өркен" бағдарламасы – "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жоғары оқу орындарының талантты түлектерін тарту, оқыту және дамыту жөніндегі бастамасы.
Іс-шараға Қаржы, Экономика, Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экология, Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика сияқты білім беру бағдарламаларының соңғы курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында Студенттер назарына "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында "Жас Өркен" деп аталатын талантты жастарды тарту және дамыту бағдарламасының тұсаукесері ұсынылды. Жоба маманы Рашидова Дильдора аудиториямен тікелей диалог түрінде презентация өткізді.
Бағдарлама 6 турдан тұрады, оның біріншісі 2022 жылдың 1 қаңтарында басталады. Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттан алуға болады https://www.zhasorken.skcu.kz/ru/page/news