12 қараша 2021

Білім алушылардың заңгермен кездесуі

Білім беру үрдісін ұйымдастыру департаментінің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі 2021 жылғы 08-12 қараша аралығында бекітілген кестеге сәйкес құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Д.Е. Жұматаевпен университеттің бес факультеттің білім алушыларымен Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі міндетті 3 жылдық жұмыс істеу және жұмысқа бөлу тәртібі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Заңгердің түсіндірме жұмысы білім алушылардың қызығушылығын тудырды.

Мемлекеттік тапсырыс, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы, ЖАО гранты, ауылдық квота бойынша жұмысты өтеу туралы білімалушылармен көптеген сұрақтар қойылды. Әлеуметтік мәселелер (тіркеу, тұратын орны, көтерме төлем), жұмыспен қамту орталығында тіркеу механизмі де қозғалды.