23 қараша 2021

«Кәсіби түйіндеме құрастыру» шеберлік-класс өткізу

Университеттің бітіруші курс білім алушылары үшін «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары Л.В. Кузьмина, Е.Б. Абеуханова, «Педагогикалық психология» кафедрасының Н.А. Кулмышева, К.С. Әділжанова, А.Г. Искакова және А.К. Амантаеваның қатысуымен 2021 жылдың 23 қарашасынан 6 желтоқсанға дейін «Кәсіби түйіндеме құрастыру» тақырыбында шеберлік-класс өткізу бойынша кездесулер ұйымдастырылды.

Таңдаған мамандығының ерекшелігін ескере отырып «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары «Кәсіби түйіндеме құрастыру» шеберлік-класс өткізу барысында сауатты кәсіби түйіндеме қалай құрастыру керектігі туралы айтып, слайдтарда иллюстрацияланған, кәсіби түйіндеме кезеңдік ресімделуі мен түрлерін көрсетті.

 «Педагогикалық психология» кафедрасы түлектердің болашақ жұмыс берушімен кездесу кезінде әңгімелесуден өту процесі барысында, ізденушінің сыртқы келбеті мен мінез-құлқына назарын аударуын атап өтті. Болашақ жұмыс беруші мен потенциалды қызметкер сұхбаттасу кезінде жасалатын артықшылықтар мен қателерді нақты мысал көрсете отырып егжей-тегжейлі талдады.

Кездесуді қорытындылай келе, университеттің бітіруші курс білім алушылары кәсіби түйіндеме құрастыру бойынша алған қосымша білімдері үшін алғыстарын білдірді.