- білім алушылардың оқуын растау туралы ЗТМО-ға анықтама беру үшін университеттің электрондық құжат айналымы жүйесінде өтінім қабылдау;
- алатын стипендияның мөлшерін немесе болмауын,оқу құнын растау туралы талап ету орны бойынша анықтамаларды ұсыну үшін университеттің электрондық құжат айналымы жүйесінде өтінімдер қабылдау;
- бағыттар бойынша құжат қозғалысын және айналымын өңдеу;
- «Платонус» ААЖ білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу, тіркеу, талдау;
- академиялық топтар бойынша білім алушылардың жеке істерін қалыптастыруды ұйымдастыру;
- білім алушылардың оқудан шығуы салдарынан пайда болған бос гранттар бойынша бос ваканттық орындарын жариялау;
- басқа жоғары оқу орындарынан, басқа мамандыққа ауысуды ұйымдастыру және білім алушыларды қайта қабылдау;
- білім алушылармен (ауыстырылған / қайта қабылданған) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарды ресімдеу;
- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу және брондау;
- шетелдік білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды тіркеуді ресімдеу;
- шетелдік білім алушылар, тыңдаушылар, қызметкерлер үшін оқу, жұмыс визаларын ресімдеу;
- Университет жатақханасында тұратын білім алушыларды, қызметкерлерді ХҚКО-да тұрақты, уақытша тіркеуді ресімдеу;
- контингент және оқу процесі бойынша бұйрық жобаларын дайындау.