Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қазан 2023орыс тілі курстары, курсы русского языка

ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ ҚАНДАС БАУЫРЛАРЫМЫЗ ОРЫС ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасының тілдер саясатын іске асыру мақсатында Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы және Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен  университеттің даярлық бөлімінде білім алып жатқан қандас бауырларымызға орыс тілінен тегін курстар өткізіліп жатыр.

 

Курсты Лингвистикалық орталықтың оқытушысы Айым Бейсханова жүргізеді.

 

Айта кету керек, аталған курсқа Қытай мен Монғолия елдерінен келген Жоғарғы оқу орнына түсу үшін даярлық курсынан білім алып жатқан 26 оқушы ниет білдірген.  

 

Курс онлайн форматта жылдың соңына дейін созылды. Орыс тілі бойынша тілдік қиындықтарға тап болған қандастарға тіл үйренудегі қателіктер мен әдіс-тәсілдер талқыланып, практикалық тапсырмалар берілді.