Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 шілде 2024шәкәрім атындағы университетіне грант бөлді

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне грант бөлді

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат дәрежесі бойынша Шәкәрім университетіне 11 білім беру грантын бөлді.

         Бұл бөлінген білім беру  гранттарына Талапкерлердің келесідей санаттары қатыса алады:

         - ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасыдан шыққан талапкерлер;

         - жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

         - мүгедектігі бар азаматтар;

         - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан талапкерлер;

         - 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

         - 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

 

         Бағдарламаға қатысудың шекті жасы 29 жасты құрайды. 

 

         Жоғары білімі бар адамның, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру гранты берілген азаматтардың аталған грантты алуына жол берілмейді.

 

         «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры бөлген гранттарға қатысу үшін құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 1-17 тамыз аралығында Қабылдау комиссиясы арқылы жүргізіледі.

 

 

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы