Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 желтоқсан 2022стратегический партнер

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ КӨРЕРМЕН ҚАУЫМҒА ҰСЫНЫЛДЫ

Ядролық медицина және онкология орталығында Шыңғыстау аймағында дүниеге келген үш алып тұлғаға арналған суреттер көрмесінің ашылуы өтті. Шәкәрім университетінің қылқалам шеберлері орталыққа бірқатар туындыларын сыйлады.
Ядролық медицина және онкология орталығы – 2017 жылдан бастап Шәкәрім университетінің стратегиялық серіктесі. Білім ордасы орталықпен бірлесіп «Медициналық физика» мамандарын дайындайды.
Шараға Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков, Абай облысының мәслихат хатшысы Қуаныш Сулейменов, «Өнер және музыка» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Жиында ректор бүгінгі шараның маңыздылығын айтып, киелі жерде адамдардың соңғы үмітін жандандыруда ақ халатты абзал жандардың қосқан үлесі зор екендігін атап өтті.
Көрмеде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің порттерін бейнеленген туындылар көрерменнің көзайымына айналды.
- Семей ядролық медицина және онкология орталығының 75 жылдық мерейтойына орай «Өнер және музыка» кафедрасының ұстаздары мен студенттері волонтерлік жұмысымызды орталықтан бастадық. Көрмемізді Абай, Шәкәрім, Мұхтар аталарымызға арнадық. Волонтерлік жұмыстың басты мақсаты науқастарға картиналарымыз арқылы рухани, оң позитивті көңіл күй сыйлау .Бұл да арт терапияның бір түрі,- деді жас суретші, кафедра оқытушысы Ақерке Кәрімова.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.