Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 шілде 2024интервью

Руслан Асқаров,SHAKARIM UNIVERSITY-дің қабылдау комиссиясының маманы: Қазіргі талапкерлер ерекше

«Менің таңдауым жастармен жұмыс жасау! Маған жастармен жұмыс істеу қызықты. Себебі, әр талапкердің бойында ізденіс болады, көздерінде жалын болады. Сол жалынды көру бізге қуаныш»,- дейді қабылдау бөлімінің маманы. 

«Қазіргі талапкерлер ерекше. Жаңа буын жаңа көзқарас. Жас талапкерлердің таңдаулары, болашаққа деген жоспар, мақсаттары да өзгеше. Болашақ SHAKARIM UNIVERSITY-дің студенттеріне тек сәттілік тілейміз. Әрбір талапкерге өз саласының маманы, білгірі болып шығуына тілектеспіз!»,- деп қабылдау бөлімінің маманы лебізін білдірді. 

Жас талапкер! 
Сен ерекшесің, сенің қолыңнан барлығы келетініне біз сенеміз. SHAKARIM UNIVERSITY сені күтеді!

Ғылымға қанағатсыз болу керек,

Бес түгiл разы болмай алтыға да.

Шәкәрім Құдайбердіұлы