Координатор
Турсунгожинова Гүлнар Сайлауханқызы
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты
Педагогикалық еңбек өтілі 27 жыл. Оның ішінде «Семей қаласының психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік мекемесінде практикалық психолог қызметінде жұмыс өтілі 14 жыл. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де D14 A.02.32. диссертациялық кеңесінде 19.00.01 - жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша «Бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағында тұратын адамдардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Турсунгожинова Г.С. 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде 2 оқу құралы, 4 оқу - әдістемелік құралы, 2 монография, ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Scopus мәліметтер базасына кіретін басылымдарында 30 ғылыми мақаласы, психологиялық-педагогикалық және медициналық ғылыми басылымдарда, халықаралық ғылыми конференцияларда 100 - ден астам тезис-баяндамалары, 10 жаңа авторлық пәндердің құрастырушысы.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) Мемлекеттік педагогикалық институт негізінде құрылған мектепке дейінгі білім мен тәрбие орталығының «Лекотека әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламаларын іске асыру нысаны ретінде» Республикалық жобасына қатысты.
Сонымен қатар, Турсунгожинова Г.С. TEMPUSEDUCAJEP 517504-DE-2011-2015 «TEMPUS 517504 «Орта Азия елдеріндегі педагогика мен білім беру менеджментіндегі оқу бағдарламаларын жаңарту және дамыту» Халықаралық жобасының орындаушысы болды.
Практикалық жұмысы барысында психотерапия бойынша Мәскеу қаласындағы В.И. Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік және сот -психиатрия ғылыми орталығында «Төтенше жағдайларда психологиялық көмекті ұйымдастыру» оқу циклынан, сонымен қатар 2011 және 2021 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы университет, Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті, Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Нью-Кастл университеті (Ұлыбритания), Санкт –Петербург қаласындағы «Иматон» практикалық психология институттары базасында біліктілікті жоғарылату курстарынан өтіп, сертификаттар иеленді.
Турсунгожинова Г.С. - «ЖОО үздік оқытушысы – 2015» атағының иегері; Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент - мүшесі.
Педагогика және психология кафедрасында білім алушылар мен магистранттарға медициналық психология, патопсихология, клиникалық психология, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасыларымен жұмыс, психотерапия негіздері және т.б. пәндерден сабақ береді. Аймақтағы медициналық және білім беру мекемелерімен белсенді әріптестік байланыста. Педагогтарға арналған жастар арасындағы аутоагрессия профилактикасы, білім берудегі оқу-тәрбие процесін психологиялық сүйемелдеу, инклюзивті білім беру бойынша семинарлар өткізеді.
Негізгі ғылыми еңбектері:
- Психологические особенности лиц, проживающих в условиях экологического неблагополучия. - Монография, Семей – 2015. –160 б.
- Особенности проявления психической патологии у детей дошкольного возраста. - Учебно-методическое пособие ТОО «Идеал-ИС 2009» г. Астана-2016. - 94 б.
- Основы тренинга. Практикум для студентов вуза. Учебное пособие ТОО «Идеал-ИС 2009» г. Астана-2016. - 108 б.
- Медицинская психология. - Учебное пособие ТОО «Семей Коркем» г. Семей-2019. - 124 б.
- Ecological consciousness of a personality living in an ecologically unfavorable region. - IJESE-IJESE - International Journal of Environmental and Science Education (ISSN13063065-Turkey-Scopus), 01, 286246, 2016 11 (7), С. 693-702. 1469-1478.
- Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері. Поиск №3(1), 2016. – Б. 9-12.
- Инклюзивное образование в дошкольных образовательных учреждениях. Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева №1 (110) 2016, 2 ч. - Б. 452-456.
- Формирование экологического сознания личности. - Вестник КазНУ имени Аль-Фараби, №4 (67), 2018. - Серия психологии и социологии. – Б. 32-41.
- Психологические особенности лиц, проживающих на территориях подвергшихся вредностям экологических факторов. Международная научно-практическая конференция «Психологическая культура и психологическое здоровье в современных региональных системах образования». 8-9 ноября 2018 г. в г. Барнаул. – Б. 51-53.
- Эмоциональное выгорание в профессиональной деятельности личности. «Педагогика и психология» Казахского национального педагогического университета имени Абая Серия «Психология» №4 (61) 2019. – Б. 180-186.
- Болашақ психологтардың эмоционалды интеллект ерекшеліктері. Казахский национальный педагогический университет имени Абая Серия «Психология» №2 (63) 2020. – Б.197-202.
- Развитие психологической культуры студентов – будущих педагогов-психологов в образовательном пространстве вуза. - «Вестник Алтайского государственного педагогического университета». №3 - 2020 г. Барнаул. - Б. 62-66.
- Нормативтік-құқықтық база
- Академиялық саясат
- Университеттің академиялық кеңесі
- Түлек моделі
- Академиялық адалдық
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
- Minor
- MOOC
- Кәсіби практика
- Дуалды оқыту
- Көптілді білім беру
- Қашықтан білім беру
- Ішкі академиялық ұтқырлық
- Жазғы семестр
- Инклюзивті білім беру
- Аккредитация және рейтингтер
- Академиялық күнтізбе
- Біліктілікті арттыру курстары және қайта даярлау
- Сипаттамасы бар өзіндік үлгідегі дипломдардың бекітілген нысандары