Shakarim University Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш.Сатиева ұйымдастырған «Өмірің – сенің сценариің!» атты тренинг – әр студенттің өмірлік жолына үңілуге, өткенін қабылдап, қазіргі қуатын сезініп, болашағын сеніммен жоспарлауға арналған креативті алаң болды.
🎨 Тренинг барысында: «OH» метафоралық карталары арқылы ішкі ресурстар ашылды; «Менің өткенім – қазіргі сәтім – болашағым» атты символдық жаттығу жүргізілді. Шынайы эмоциялар мен бірлік атмосферасы орнады.
📌 Бұл кездесу – әр білім алушыға өз өмірінің авторы болу мүмкіндігін сыйлады