Аутизм - адамның әлеуметтік бейімделуінің, сөйлеу функциясының, психикалық дамуының бұзылысымен байланысты ауру. Балалардағы аутизмнің ерте диагнозымен емдеудің айтарлықтай нәтижелері болуы мүмкін, ал терапияның негізгі бағыты - баланы оқыту және әлеуметтендіру.
Аутизмнің негізгі белгілері:
- • Көзбе көз байланыстың болмауы;
- • қимылдарды шектеулі қолдануы;
- • сөйлей алмауы;
- • құрдастармен бірлескен ойындарға деген қызығушылықтың төмендігі;
- • заттарды (ойыншықтарды) сызуға деген ұмтылыс;
- • жағымсыз мінез-құлықтың көрінісі: агрессия, өзін-өзі агрессия, өтініштерді орындамау;
- • дыбыстық ынталандыруларға жоғары сезімталдық.
«2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне» орай гуманитарлық-экономика факультеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Адильжанова Куралай Советхановна және ПХ 915 тобының студенттері «Жарқын болашақ» түзеу орталығымен ынтымақтастық орнату мақсатында «Түстер әлемінде» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында баланың саусақ моторикасын қалыптастыру, қарым-қатынас коммуникациясын дамыту жұмыстары және когнитивті ойлауын дамытуға арналған әдістемелер жүргізілді.
Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат беру күніне байланысты барлық ата-аналарды балалардағы аутизмнің ерте белгілеріне назар аударуға шақырамыз.
*Аутизмнің әртүрлі формаларына байланысты қосымша белгілері болады. Қысқаша ықшамдалып алынған.