Шәкәрім университетіне Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және Пайдалы қазбалар университетінен «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Roman Shults келген болатын. Профессор «Implementation and Deployment of Monitoring Projects» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысына «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қалақұрылысы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары, қаланың ірі кафедра серіктестері «GEOID» ЖШС, Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жер кадастры басқармасы өкілдері қатысты.
Жиын мұнай және газ индустриясында, сондай-ақ басқа да салаларда ауқымды жобаларды әзірлеуге, енгізуге және мониторингтеуге байланысты бірқатар маңызды мәселелерді қамтыды. Семинар барысында профессор Roman Shults халықаралық деңгейде геокеңістіктік мониторинг жобаларын іске асыру және енгізу тәжірибесімен бөлісіп, азаматтық, өндірістік нысандарды бақылаудың және геодинамикалық мониторинг жүргізудің соңғы технологиялары (FEM Simulation, machine learnig) мен құралдарына тоқталды.
Бұдан бөлек, деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістеріне, жобалардың тиімділігін арттыру үшін озық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды. Әлемдік сарапшы жобаларды жүзеге асыруда экологиялық және әлеуметтік аспектілерді біріктірудің маңыздылығын талқылады, бұл әсіресе жаһандық экологиялық шиеленіс жағдайында маңызды. Қатысушылар әртүрлі жағдайлар мен аймақтардағы жобалық жұмыстардың ерекшеліктері туралы сұрақтар қоя отырып, талқылауға белсенді қатысты, бұл жобаларды сәтті басқарудың егжей-тегжейіне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.
Ғылыми семинар оқу процесін байытып қана қоймай, университеттер арасындағы кәсіби байланыстардың дамуына ықпал етті. Өз кезегінде профессор семинарға жоғары қызығушылық танытқан қатысушыларға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
МИРОВОЙ ЭКСПЕРТ ПОДЕЛИЛСЯ ОПЫТОМ В ОБЛАСТИ МОНИТОРИНГА ПРОЕКТОВ
Shakarim University имел честь принять знаменитого приглашенного профессора из Университета нефти и полезных ископаемых имени короля Фахда в Саудовской Аравии, Романа Шульца. Профессор Шульц провел научный семинар на тему "Implementation and Deployment of Monitoring Projects", который вызвал большой интерес среди студентов и преподавателей университета. В семинаре приняли участие профессорско-преподавательский состав кафедры "Автоматизация, информационные технологии и градостроительство", преподаватели КГКП "Высший колледж геодезии, картографии и строительства" Управления образования области Абай, представители крупнейших партнеров кафедры города ТОО "GEOID", управления земельного кадастра филиала НАО "Государственная корпорация правительства для граждан" по области Абай.
Семинар охватил ряд важных вопросов, связанных с разработкой, внедрением и мониторингом крупномасштабных проектов в индустрии нефти и газа, а также в других областях. В ходе семинара профессор Roman Shults поделился опытом реализации и внедрения проектов геопространственного мониторинга на международном уровне, остановился на новейших технологиях (FEM Simulation, machine learnig) и инструментах мониторинга гражданских, производственных объектов и геодинамического мониторинга.
Особое внимание было уделено современным методам сбора и анализа данных, а также использованию передовых технологий для повышения эффективности проектов. Роман Шульц также обсудил важность интеграции экологических и социальных аспектов при реализации проектов, что особенно актуально в условиях глобальной экологической напряженности. Участники активно участвовали в обсуждении, задавая вопросы о специфике проектных работ в различных условиях и регионах, что позволило более глубоко погрузиться в детали успешного управления проектами.
Научный семинар не только обогатил учебный процесс в Shakarim University, но и способствовал развитию профессиональных связей между университетами. В свою очередь профессор выразил свою благодарность за теплый прием и высокий уровень интереса к семинару, а также отметил важность продолжения академического сотрудничества и обмена опытом между двумя странами.