Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 наурыз 2024сотрудничество, дуальное обучение, ынтымақтастық, проекты

ӘСКЕРИ БӨЛІМ МЕН SHAKARIM UNIVERSITY СЕРІКТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» РММ және Shakarim University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық мемлекеттік қызметпен байланысты психологиялық бағыт бойынша оқытудың және ғылыми жұмыстың заманауи әдістерін енгізу үшін мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда білім ордасының «Психология» кафедрасы аталған мекемемен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті.
Меморандумның басты мақсаты – жеке құрамның жеке және топтық ерекшеліктерін психодиагностикалау, бөлімшелердегі топтық процестерді зерттеу, мекеменің өндірістік жағдайларының талаптары мен ерекшеліктеріне жауап беретін суицидтік ниеттерді психологиялық алдын алу бойынша ұзақ мерзімді байланыс орнату.
Серіктестік әскери бөлім қызметкерлерінің психологиялық денсаулығы мен қауіпсіздігін қолдау бойынша бағдарламалар мен іс-шаралар құруға бағытталған. Бұған психологиялық жағдайларды ерте диагностикалау, суицидтік ниеттердің алдын алу және өзін-өзі реттеудің тиімді әдістерін үйрету кіреді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, білім беру және ғылыми салалардағы зияткерлік әлеуетті іске асыруға өзара қызығушылық танытты. Меморандум аясында қос мекеме бірлескен зерттеулерді, дуалды оқытуды, біліктілікті арттыру курстарын және түлектерді жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды жүргізетін болады.