Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 желтоқсан 2022турнир, спорт, білім алушылар

АЙМАҚТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚР «Студенттік спорттық лигасы» Шығыс дивизионында футзал спорт ойынынан ұлдар арасында өткен іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
5-9 желтоқсан аралығындағы іріктеу кезеңінің қорытындысы төмендегідей:
Әлихан Бөкейхан университеті – 1 орын;
Shakarim University – 2 орын;
Павлодар педагогикалық университеті – 3 орын.
Айта кетейік, лигада Семей медициналық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Торайғыров атындағы жоғары оқу орындары да өнер көрсетті.
Shakarim University және Alikhan University командалары республикалық турнирге жолдама алды. Жас спортшыларымызға алдағы турнирде сәттілік тілейміз! Абай облысының даңқын шығарар жаңа жеңістер көп болсын!