Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 ақпан 2024студент, кездесу, грант

БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ МІНДЕТТІ ӨТЕМІ ТУРАЛЫ

28 ақпан күні  «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»  КеАҚ «Мәңгілік ел жастары индустрияға» бағдарламасы, ауылдық квота және мемлекеттік тапсырыс бойынша басқа мамандықтарда оқитын студенттер үшін және магистранттар және докторанттар үшін Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы  ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті жұмыс өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қаржы орталығының маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Сонымен қатар Қаржы орталығы тарапынан жүргізілген Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс -қимылы туралы түсіндірме жасады.

 2024 жылы бітіретін жас мамандарға 1414-тен СМС хабарлама келетіндігі туралы, және зейнетақы аударымдарын тексеру мақсатында жас маманның келісімін беру 511 немесе 512 жауабын таңдау арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.

Кездесу барысында, «Оқуды магистратурада жалғастырған жағдайда міндеттен босатыламын ба?», «Басқа мемлекетте жұмыс жасаған жағдайда міндетті өтілім жүзеге аса ма?», «Қазірден бастап жасаған жұмысым есептеле ме?»,  «Жұбайымның қызметіне байланысты жұмыс өтілімінен босатыламын ба?», «Әскерге шақырылған жағдайда не істеуге болады?» деген  сияқты әртүрлі сұрақтарға толық жауап берілді. 

Білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттада жалғасын табады.