«ШӘКӘРІМ - ART» ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 май 2022шәкәрім оқулары, байқау

«Shakarim Forum» аясында шығармашылық мамандықтар арасында «Шәкәрім - ART» қолөнер және дизайн байқауының қорытынды туры өтті. Ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту және университет миссиясын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа шығармашыл студенттеріміз 50-ден астам туындыларын ұсынды. Ақтық мәреге 5 қатысушы жолдама алды. Алғы сөз алған университет басшысы Бауыржан Ердембеков форум аясында бірқатар шаралар...

Подробнее

АР ІЛІМІ ‐ РУХАНИ ТАЗАРУ ЖОЛЫ

19 май 2022шәкәрім оқулары

Бүгін Гуманитарлық-экономика факультетінде #ShakarimForum аясында «Ар ілімі бүгінгі қоғам контекстінде» тақырыбында панельдік талқылау өткізілді. Талқылауға шақырылған қонақтар, профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен докторанттар Шәкәрім қажының өмірлік ұстанымдары, Абай мен Шәкәрім ілімдерінің сабақтастығы, адамгершілік құндылықтары және Шәкәрімнің құқықтық көзқарастарына қатысты ойларымен бөлісті. Шәкәрім шығармашылығында қазақтың сол кезеңдегі жай-күйі ғана емес, елінің болашағы...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

19 май 2022форум

«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында «Шәкәрім шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы тәжірибе алаңы өтті. Тәжірибе алаңына Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының, Абай ауданының мектеп мұғалімдері қатысып, қазақ әдебиетін оқыту, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларын оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қоса, оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытып,...

Подробнее

АУҚЫМДЫ ФОРУМНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ «ШӘКӘРІМ-AGRO» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

19 май 2022жәрмеңке, ярмарка

Бүгін Шәкәрім университетінде «Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында шығыстың үздік шаруашылықтарынан әкелінген «Шәкәрім-Agro» азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге өңірдің 20-ға жуық шаруа қожалықтары мен кәсіпорын, цехтары қатысты. Серіктестеріміздің ішінде «Шалабай», «Қалиқанұлы» шаруа қожалықтары, Агрофирма «Приречное», «KONDIZ» кондитерлік фабрикасы, «Дария» шұжық цехы, «Семнан», «Ақшың», «Арай», «Прииртыш бройлер құс...

Подробнее

ҚР ҮНДІСТАН ЕЛШІЛІГІНІҢ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫС

17 май 2022сотрудничество, ынтымақтастық

Бүгін Шәкәрім университетіне ҚР Үндістан елшілігі мәдени орталығының бірінші хатшысы Санжай Веди мырза келді. Кездесу барысында Халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдерімен білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара іс-қимылдың бағыттары талқыланды. Санжай Веди мырза Үндістан үкіметімен академиялық ұтқырлық, тіл курстары, қос дипломды білім беру және елдің жетекші университеттерімен бірлескен бағдарламалар аясындағы гранттық...

Подробнее

АГРАРЛЫҚ САЛАДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕ КӨП

13 май 2022кездесу, аөк

Экономикамыздың көшбасшысы – аграрлық сектор. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру мақсатында елімізде бірқатар міндеттер қойылған. Бүгін Шәкәрім университетіне облысымыздың тумасы, ҚР Парламенті Сенат депутаты – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында депутат қара шаңырақтың тыныс-тіршілігімен танысып, аграрлық салада...

Подробнее

«EDTALKS – 2022» ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ: ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

28 апрель 2022форум

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің құзыреттілігін дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Шәкәрім түлектерін қолдау мақсатында апгрейд бағыты бойынша жұмыс басталды. Бұл бағытта үш деңгейлік жүйе жүзеге асырылуда. Осы ретте,...

Подробнее

БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

26 апрель 2022меморандум

Жоғары білім мен ғылыми саласын, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін арттыру мақсатында Шәкәрім шаңырағына М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бір топ ғалымдарын бастап ф.ғ.д., профессор Кенжехан Матыжанов жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында  Кенжехан Матыжанов пен  Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков    «Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» туралы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол...

Подробнее

ӨНЕРЛІ ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

23 апрель 2022олимпиада

Өнер және музыка кафедрасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Кескіндеме», Сурет» және «Сызу» пәндерінен аймақтық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық және техникалық білімдерін бақылау, деңгейін арттыру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Пәндердің талаптарына сай дарынды, шығармашыл білімгерлерді анықтау, беделін көтеру, анағұрлым талапты және дарынды оқушыларды іріктеу.  «Сурет» пәні бойынша бірінші орынды «№43...

Подробнее

ПАНОРАМА ЭСТАФЕТАСЫ..

22 апрель 2022панорама

22  сәуірде  Қазақ  филологиясы және  журналистика  кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Жұмағұлова  Әлия  Матайқызының  журналистика мамандығының 3 курс студенттеріне «Қазіргі  журналистиканың жаңа форматы мен жанры» пәні бойынша панорамалық ашық дәріс сабағы өтті. Дәріс « Баспасөздің, электронды басылымдардың көркемдік талғамы мен идеялық сапасын көтеру мәселелері» тақырыбында болды.  Сабақтың мақсаты  –  бүгінгі  баспасөздің ...

Подробнее