Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 қаңтар 2022

ФАКУЛЬТЕТТЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

2021 жылы 30 желтоқсан күні Гуманитарлық-экономика факультеті, Педагогика және  психология кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша ДО-903у студентерінде  «Даярлық топтардағы педагогикалық инновация» пәні бойынша шығармашылық емтиханда бірнеше жобалар  қорғалды.

Шығармашылық емтиханның мақсаты қазіргі педагогикалық инновациялық технологияларды білім беру жүйесінде қолданыста көрсету.  Ерекше жоба осы топтың студенттері Нұрсәлімова Аяулым және Сержанова Әйгерім бірігіп зерттеген  «Мектепалды даярлық тобында «Асық терапиясын» қолданудың маңызы мен тиімділігі» тақырыбында өз жобасын қорғады.

Жоба жаңалығы: Асық – ұлттық құндылық, асықтың жойылып кетпес үшін, мен не істей аламын? деген сауалға жауап іздеп  «асықтан математикалық есепшот» және мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын «асықты массаж кілемшесін» жасап ұмтылып бара жатқан құңдылықтың ертеңі мен бүгінің ұштастыра білді. Ұлттық асық тарихын ұмыт қалдырмай, жаңашыл леппен ойындар ойлап табу да әрбіреуіміздің қолымыздан келері хақ. Асық – таусылмас мұрамен қатар, таптырмас идея. Асық төңірегінде тақырыпты бірге түрлендіре отырып, асықтарыныз алшысынан түссін дегіміз келеді. Шығармашылық емтихан материалы  Baby Smile кабинетіне тапсырылды.

Шығармашылық емтихан қабылдаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы