Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 қаңтар 2023спорт, спартакиада, футбол

ФУТБОЛ – СПАРТАКИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

Қазақстандағы футбол – ең танымал спорт түрлерінің бірі. Профессор-оқытушылар құрамы арасындағы спартакиаданың бірінші күні Жаратылыстану-математика және Инженерлік-технологиялық факультеттер арасындағы қызықты ойынмен есте қалды.

Жаратылыстану-математика факультетінің командасы осы футбол матчында сенімді жеңіске жетті.

«Бүгін біз жақсы дайындық пен жақсы көңіл-күймен келдік. Әр команда жеңіс үшін осында келді, Мен өз командама сәттілік тілеймін! Ең мықтысы жеңсін!»», - деді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Нурлан Мукажанов.

Айта кетейік, ЖМФ командасы 2021-2022 жылғы спартакиаданың жеңімпаздары. Сіздің ойыңызша, олар биылғы жылы да жақсы көрсеткіш көрсете алады ма?