Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 ақпан 2023құттықтау, профессор-оқытушылар құрамы

«ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Шәкәрім шаңырағында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқсамбаева Айман Омарқанқызының 60 жас мерейтойына арналған «Ғалымның хаты өлмейді» атты шығармашылық кеш өтті.
Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы университетіміздің еңсесін биік көтеріп, ғылым жолында өлшеусіз еңбек сіңірген, шәкіртерінің бойына дарын түлеткен ұстаз.
«Айман Омарханқызы университет қабырғасында жұмыс істеген кезде тыңбай еңбек етті. Бірнеше оқулықтары жарық көріп, мәдениеттану мен әдебиеттануға қатысты кітаптары шықты. Ұстаздықпен қатар, бұл кісі студенттердің екінші анасындай болып, кураторлықты да алып жүрді. Әлеуметтік желіде де Айман Омарханқызына деген жылы лебіздері жазылып жатыр. Сізге Шәкәрім шаңырағының атынан алғысымызды білдіреміз!» –деді Басқарма төрағасы — Ректор Бауыржан Ердембеков.
Шара аясында «Білім – өмір шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда ұстаздың еңбектері мен туындылары көрермен қауымға ұсынылды.
«Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген халық даналығы бар. Айман Омарқанқызы артынан өшпейтін еңбек қалдырып, тарих беттеріне алтын таңбамен есімін жазуда. Ғалымға шексіз қайрат пен мұқалмас шабыт тілейміз.
Еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспіз!