Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай Ғылым апталығы аясында "Радиоэкологиялық зерттеулер" ҒО базасында 3D-модельдеу бойынша шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сыныпты «Технологиялық жабдықтау және машина жасау» кафедрасының қауымд.профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Надир Ибрагимов жүргізді. Надир Қадырұлы 3D принтерді өзі құрастырып шығарды. Шеберлік сынып арқылы әрбір студентке жабдықпен қалай жұмыс істеу керектігін, оны құрастырудың жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсетіп шықты.
-3D принтерге арналған шыбық пластикалық бөтелкелерді сызу машинасында қайта өңдеу арқылы дербес жасалады. Бұл технология PET пластиктен жасалған пластикалық бөтелкелерді екінші рет пайдалануға мүмкіндік береді, бұл тек ақысыз ғана емес, сонымен қатар 3D принтерлерде басып шығаруға арналған пластикалық шыбықты өндірудің шексіз көзі болып табылады. Технологияның артықшылығы пластикалық ыдыстарды жою мәселесін шешуге көмектеседі,- дейді ғалым.
Сонымен қатар студенттер ғылыми орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.