Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 сәуір 2023ғылым апталығы, постеры, магистранты и докторанты

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: SHAKARIM POSTER EVENT-2023

Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында дәстүрге айналған «Shakarim poster event-2023» магистранттар мен докторанттардың постерлік баяндамалар байқауы өтті. Биылғы байқаудың ерекшелігі – техникалық және ауылшаруашылық ғылымдар мен жаратылыстану, экономика және гуманитарлық ғылымдар бағытында өткізілуі.
Байқау магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсету, ғылым мен білімнің интеграцисын дамыту, ЖОО кейінгі білім берудің білім алушыларын шығармашылық-ғылыми қызметке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Тәуелсіз қазылар алқасы ұсынылған постерлік баяндамаларды баяндама дизайны, қорғау деңгейі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы критерийлері бойынша бағалады.
Жас ғалымдар қызықты әрі ахуалды тақырыптарды ұсынды. Мысалы, Владислав Шумкин «Университеттің автоматика және ақпараттық технологиялар кафедрасының білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін электрондық онлайн курстардың моделі мен бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу» тақырыбында жоба әзірледі.
-Бұл тақырып өзекті және қызықты, өйткені заманауи технологиялар білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Электрондық курстар өздеріне ыңғайлы уақытта білім алғысы келетін студенттер арасында танымал бола бастады. Мен курстардың құрылымын әзірледім және оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдадым, бағдарламалық жасақтама үшін қажетті функционалдылықты анықтадым, сонымен қатар дизайн мен пайдаланушы интерфейсін жасадым. Нәтижесінде онлайн курстарға арналған портал әзірленді, - деп атап өтті Владислав.
"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының магистранты Надир Абдуалиев "Data Mining көмегімен "Радиоэкологиялық зерттеулер" ҒО деректерін зияткерлік өңдеуге арналған нейрондық желіні талдау және әзірлеу"тақырыбында жоба дайындады.
Жас ғалымдарды қолдау – университеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан биылғы жылы байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыс етіліп, Ғылыми кеңестің шешімі бойынша арнайы «Шәкәрім стипендиясы» беріледі. Байқау нәтижесі 14 сәуірде белгілі болады.