Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 сәуір 2023поздравление, ғылым к.ні, день науки

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ғылым саласы қызметкерлерінің күні құтты болсын!
Бүгін еліміздегі Ғылым саласы қызметкерлерінің күні.
Мерекелік күннің 12-сәуір деп бекітілуінің себебі – дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Құрметті әріптестер!
Ғылым саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, ғылыми ізденістеріңізге табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.