11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың халықаралық күні
Гендерлік теңдік – мемлекет басшысы саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Бұл күн әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, әйелдер мен қыздардың ғылымдағы маңызды рөлін көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда ғылым саласында 18 228 маман-зерттеуші бар, оның ішінде әйелдер...
14 ақпан күні Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Абдикаримова Тоты Тілеулесқызы 60 жасқа толды. 40 жылдан астам уақытын шәкірт тәрбиелеп ұстаздық жолда адал қызмет атқарып келе жатқан тәжірбиелі маман, білікті басшы, әріптестерінің құрметіне бөлене білген дара тұлға.
«ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ ШЫҢЫ» атты арнайы сухбаттасу кешінің алғашқы құттықтауы КеАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы...
Шәкәрім университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара университет басшысы Бауыржан Ердембековтың алғы сөзінен басталды. Басқарма төрағасы-Ректор жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, төсбелгі табыстады.
Айта кетейік, байқауға біздің университет атынан 8 оқытушы қатысып, олардың 7-і үздік танылды.
«Үздік оқытушыларды» университет ұжымы атынан...
Сіздерді кәсіби мерекеміз – 12 сәуір Ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтаймын! Сіздердің қажымас еңбектеріңіздің арқасында Шәкәрім шаңырағы Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамытуға өз үлесін қосуда. Еліміздің ғылыми әлеуетін айқындауда негізгі күш жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі. Білім мен ғылым саласында жүзеге асырылған бірқатар реформалар, университет жанынан ашылған ғылыми-зерттеу орталықтары ғылымды өркендетудің негізгі...
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл сайын мамырдың алғашқы жайма шуақ күндері біз Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күнін және халқымыздың фашизмге тойтарыс берген тамаша ерлігі мен ұлы жеңісін аса құрметпен атап өтеміз.
Сұрапыл соғыс жылдарында Шәкәрім университетінің түлектері мен...
Күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінде жасап жатқан орасан зор жұмыстары үшін, пандемиямен күресте қосқан зор үлестері үшін, жүздеген мың адамның өмірін сақтап қалуға көмектескендері үшін медбикелерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Мереке қарсаңында университет басшылығы қара шаңырақта ұзақ уақыт бойы қажырлы еңбек атқарған тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.
Сұрапыл соғыс жылдарында 60-қа жуық Шәкәрімдік қан майданның алдыңғы шебінде жүрді. Бүгінгі таңда білім ордасында 7 тыл ардагері,...
25 мамыр күні еліміз филологтар күнін атап өтеді. Жыл сайын өткізілетін бұл шара Филология факультетінің оқытушылары мен студенттердің басын біріктірді.
Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, дінін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – филологтар. Осыған орай аталмыш факультетте бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды.
Жиында Қазақ филологиясы...
Шәкәрім университеті Шәкәрім мектебімен «ЖОО - Мектеп» жобасы аясында ұзақ жылдардан берi жұмыстар атқарып келеді. Қаланың ең үздік білім ошағымен бірқатар ортақ жобалар бар.
Университеттің практикалық базасы ретінде кафедралардың филиалдары, интеграцияланған оқу жоспарлары, дуалды оқыту жүйесі, білім беру бағдарламалары және ғылыми зерттеу жұмыстары аталмыш мектеппен бірлікте жүзеге асырылуда.
Мектеп тарихымен...
Бүгін - Дүниежүзілік донорлар күні.
Инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенті Дәулет Ардақұлы жиен қарындасына өзінің бауырын ойланбастан береді.
Қарындасының өмірін құтқарып қалудың жалғыз жолы – бауырын ауыстыру еді. Осылайша, күні кеше өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан бойжеткен операциядан аман шығады.
Әйгілі Мағжан ақын жырлағандай, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Шәкәрім университетінің...
Құрметті Шәкәрім шаңырағының босағасын аттағалы тұрған болашақ студенттер! Сендерді киелі шаңыраққа оқуға түсулеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Тоқсан жылға жуық тарихы бар қасиетті оқу ордасын таңдаған сендерге және ата-аналарыңа рахмет айтамыз!
Әлемдік биіктерді бағындырған талай жан ғылымдағы, мәдениет пен спорттағы алғашқы қадамдарын дәл қазіргі сен сияқты осы ордадан бастаған.
Бүгінде ұлттық...
Shakarim University ұстаздар күні мен қарттар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырды. Салтанатқа жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздары қатысты.
Университет ректоры Б.Ердембеков құттықтау сөзінде Ұстаздар күні қарсаңында ашылған "ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ" символикалық ескерткішінің ағартушылық бағытта еңбек етіп жүрген педагогтер қауымына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың...
Ғылым саласы қызметкерлерінің күні құтты болсын!
Бүгін еліміздегі Ғылым саласы қызметкерлерінің күні.
Мерекелік күннің 12-сәуір деп бекітілуінің себебі – дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Құрметті әріптестер!
Ғылым саласы қызметкерлері күні...
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні
1999 жылы қарашада ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30–сессиясы өтті. Конференцияда осы күн таңдалып, бекітілді. Бұл күн 2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.
Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа адамның...
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы елімізге құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс...
Біздің абыройымыз, басты байлығымыз – ол педагог, ғалым, ардагер ұстаздар. Олар –біздің университеттің іргетасы, негізгі тірегі.
90 жылдық тарихы бар Шәкәрім университетінде қаншама ұстаздар мен ғалымдар шəкірт тəрбиелеп, өз ісінің маманы болды, өз қолтаңбаларын қалдырып, университеттің өркендеуіне, оның мерейін тасытып, абыройын асқақтатуға зор үлес қосты. Сол азаматтардың бірі, Семей ет...
Құрметті әріптестер! Shakarim University студенттер қауымы.
Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн....