Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 наурыз 2023тренинг, сотрудничество, дуальное образование

KazDual жобасы бойынша тренингтер

02.03.2023 ж. Erasmus+ бағдарламасы бойынша KazDual – «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасының мүшелері Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі IQAA (Астана қ.) ұйымдастырған дуальды білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық жөніндегі тренингке қатысты.
Тренингке қатысушыларды IQAA Президенті, п.ғ.д, профессор Қаланова Шолпан Мұртазқызы құттықтап, агенттік қызметімен таныстырды.
Одан әрі KazDual жобасының қатысушылары өз бағдарламалары бойынша өз есептерін ұсынды:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6В01303 – Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» ББ;
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «6В07150 – Электр энергетикасы» ББ
А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «»6В07103 – Жылу энергетикасы ББ
Шәкәрім университетінің «6В07103 – Жылу энергетикасы» ББ
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «07130300 – Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» ББ
Семей Электротехникалық колледжінің «0902000 – Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» ББ
білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы туралы есеп беру кезінде білім беру мекемесі мен пилоттық білім беру бағдарламасына сипаттама берілді. Дуалды білім берудің білім беру бағдарламаларын пилоттық енгізу аясында білім беру мекемесінің қызметіне SWOT-талдау жасалды. Агенттіктердің ұсынымдарына шолу жасалып, оларды өзін-өзі бағалау есебіне енгізу мүмкіндігі және мүмкіндігінше толық жауаптар берілді.
Жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімінің бастығы Қарлығаш Мұхареденқызы Джигитчеева аккредиттеуге қатысушылардың өзіндік есебін дайындау және сұхбат жүргізу бойынша ұсыныстар берді.