Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 наурыз 2022студенты, шахмат

КЕЗЕКТІ Е.ТӨЛЕУОВ АТЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ

Шәкәрім университетінде «Семей рухы» кешендік жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның бір арнасы осы өңірдің әйгілі тұлғаларын дәріптеу және насихаттау.
Осы бағытта бүгін Инженерлік-технологиялық факультетте Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, КСРО спорт шебері Елемес Төлеуұлы Төлеуовты еске алуға арналған шахмат турнирі өтті.
Жиында алғы сөз сөйлеген Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбек шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін интеллектуалдық ойынның адам үшін пайдалы екендігіне тоқталып, алдағы уақытта турнир дәстүрлі түрде өтетіндігін айтты.
Турнирдің демеушісі Е.Төлеуұлының шәкірті, «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» профессор, техника ғылымдарының докторы А.Какимов болды.
Аталған шара Е.Төлеуовтың туғанына 80-жыл толуына орай ұйымдастырылды. Турнирге жиыны 12 білім алушы қатысты. Аға оқытушылар С.Тұрысбеков, Р.Абаков, Д.Құндызбаевтар төрелік етті.
Зияткерлік ойынның жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!