Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 желтоқсан 2023халықаралық байланыс, международные отношения

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев бастаған делегация өкілдері Татарстан Республикасына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты. Негізгі мақсат – екі өңір арасындағы байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту және ынтымақтастықты дамыту.

 

Жұмыс сапары барысында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков 200 жылдан астам бұрын құрылған Ресейдегі ең көне университеттердің бірі және Татарстанның негізгі білім беру орталығы Қазан федералды университетінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Тараптар инклюзивті білім беру, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, байланыс орнату мәселелерін қарастыратын болады.

 

Келесі Иннополис университеті – ақпараттық технологиялар мен робототехника саласындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға маманданған ЖОО. Оқу ордасы – Ресейдегі 297 жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық. 

 

Сапар нәтижесінде аталған білім ордасымен ауыл шаруашылық бағытында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру жоспарлануда. Екі тарап арасындағы байланыс аграрлық саланың дамуында шешуші рөл атқармақ. Себебі, Шәкәрім шаңырағы өңірдің инновациялық дамуында ғылымның нақты сектормен байланысын қалыптастыратын экожүйе құруды жоспарға алды.