Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 ақпан 2023смотр, талантты жастар, көркемөнерпаздар байқауы

КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Шәкәрім шаңырағының бұқаралық өнер шығармашылығын дамыту мақсатында университет студенттері арасында дәстүрлі факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Байқаудың алғашқы кезеңі Инженерлік-технологиялық факультеті студенттерінен бастау алды. Талантты жастар испан биін биледі, патриоттық әндерді орындап,  белгілі қазақ жазушыларының әдеби шығармаларын көрсетті. Факультет хоры «Балапан қаз» халық әнін орындаса, Ерасыл Төлеубек қазақ композиторы, күйші Нұрғиса Атабайұлының күйін шертті. Журналист, драматург Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан үзінділер көрсетілді. Соңында Ажар Ғабдығалымова Шәкәрім Құдайбердиевтің сөзіне жазылған «Бұл ән бұрынғы әннен үзгерек» әнін шырқады.  

Биылғы жыл айтулы оқиғаларға толы, сондықтан барлық номерлер маңызды есте қаларлық даталарға арналды, атап айтқанда: белгілі жазушы Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығы, әнші Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығы. Сонымен қатар, биыл қазақтың белгілі тұлғалары Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толып отыр.

Алдағы уақытта факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы жалғасын таппақ.