ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысында қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтуде. Биыл облыстың мектептері мен колледждерінің түлектері арасында екі мың білім гранты бөлінеді. Іс-шарада Shakarim University делегациясы болашақ студенттерге білім беру бағдарламаларын таңдауда және бағыт-бағдар беруде басты рөл атқарды. Университет мамандары кең білім беру мүмкіндіктерін, соның ішінде бірегей қос дипломды бағдарламаларды және оқу ордасының Польша еліндегі Быдгощ Экономика Университеті филиалындағы оқу процесінің ерекшеліктерін ұсынды.
Көрменің жарқын сәттерінің бірі Маңғыстау облысының тұрғыны Жігер Жәнібектің білім ордасының «Дизайн» ББ таңдауы болды. Жігер Shakarim University Өнер және музыка кафедрасына таңданысын білдіріп, шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Кафедраның шығармашылық саласындағы табысты түлектерімен танымал екені, оның шешім қабылдауына басты фактор болғаны атап өтілді.
Shakarim University делегациясы мамандықтар, мансаптық перспективалар және студенттік өмір туралы ақпарат бере отырып, талапкерлерге белсенді түрде кеңес берді. Көрме аясында 2024 жылғы мектеп түлектері мен ата-аналарына жаңа мамандықтар, әр мамандықтың ерекшеліктері, гранттардың бөлінуі т.с.с. сауалдарға тұшымды жауап берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Атырау қаласы мен жергілікті аудандарда жалғасатын болады.
Құрметті түлек! Бізді таңдау арқылы Сіз сапалы білім ала отырып, үлкен өмірге жолдама аласыз, өз мансабыңызды құра отырып, табыс пен атаққа қол жеткізе аласыз. Шәкәрім шаңырағында кездескенше!