Шәкәрім университетінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен «Функциялар теориясы, функционалдық талдау және олардың қолданылуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында екі секция жұмысына 80 баяндама берілді. Баяндамашылар «Функциялар теориясы, функционалдық талдау және олардың қолданылуы. дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика теңдеулері» және «Мектепте және жоғары оқу орындарында математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» екі секция бойынша бөлінді.
Секция жұмысында қазіргі заманғы мұғалімнің даярлау тәсілдерін өзгерту, педагог қызметкерлердің біліктілігін жоспарлы арттыру тәсілдерін өзгерту, педагог қызметкерлердің кәсіби тапшылықтары, сондай-ақ қосымша кәсіптік білім беру шеңберінде кәсіби құзыреттілікті дамытудың тиімді нысандары мәселелері талқыланды.
Жиынның қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, бакалавриат пен магистратураны оқытудың сабақтастығы тұрғысынан математикалық білім берудің іргетасын сақтауға ықпал ету, белсенді білім беру технологияларын қолдана отырып, қосымша кәсіптік бағдарламаларды іске асыруды, оның ішінде жүйелік-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге сүйене отырып, педагогикалық кадрларға өңірлік қажеттіліктердің мониторингін тұрақты жүзеге асыруды қарастыру, мамандандыруға қажеттілікті болжау, даярлаудың жаңа бағыттарын ашу, математика саласындағы олимпиадалық қозғалысты жандандыру және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласындағы шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен инновациялық даму тәсілі ретінде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысу.
Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданды.