Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 маусым 2022кездесу, ынтымақтастық, бақ өкілдері

МЕДИА АПТАЛЫҚ ЕЛЕУЛІ ШАРАЛАРМЕН БАСТАЛДЫ

Шәкәрім университеті мен ҚР Журналистер Одағы Абай облыстық филиалының бірлескен «Shakarim Media Week – 2022» апталығы аясында өңірдің масс-медиа және коммуникация өкілдерінің диалогтық алаңы ұйымдастырылды.
Шара барысында Шәкәрім университеті мен ҚР Журналистер Одағы Абай облыстық филиалы өзара меморандумға қол қойды.
Алғашқы басқосу жиынының мақсаты – облыстағы медиа өкілдерінің қарым-қатынасын нығайту, өзара тәжірибе алмасу, университет қызметкерлері мен студенттердің БАҚ туралы танымын кеңейту.
Медиа апталыққа «SEMEI TV» телеарнасының басшылығы, «31 канал», «ABAI MEDIA GROUP» ЖШС, «FCITY» ақпараттық-танымдық порталы, республикалық «Экспресс К», облыстық «Объектив Восток» жаңалықтар порталының өкілдері және ақпарат саласына жауапты мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Медиалекторлар мен спикерлер «Телевизиялық журналистика», «Newsjacking», «Фактчекинг», «Треш-блоггинг», «PR», «Жеке бренд», «Цифрлық БАҚ», «Фото-контент», «Визуалды әлеуметтік желі» тақырыптарынан бастап кең спектрлі жаңа тақырып жасанды интеллект негізіндегі дата журналистикаға дейін шолу жасады.
Open-space қатысушылары алаңда өз ойларын білдіріп, медиамейкерлерге сұрақтар қойды. Тәжірибелі мамандар өз жұмыстарынан мысал келтіріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Shakarim Media Week аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының журналистика бағыты бойынша аударылған қазақша кітаптар мен «Шәкәрім шаңырағы» газетінің көрмесі ұйымдастырылды.
Бүгінгі басқосу облыстың медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенім білдіреміз.
Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!