Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 қыркүйек 2021студент, шакарим, сайт

Медиа айдар: ЖАҢА КЕЛБЕТ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН

Медиа айдар: 
ЖАҢА КЕЛБЕТ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН

Шәкәрім университетінің ресми сайты тыңнан қарастырылып, жаңартылып, қайта құрылды.  Сайтымызда білім алушылардың студенттік өмірімен толықтай танысуға мүмкіндік бар. 

Сайттың басты бетінде сізді қызықтыратын іс-шаралар мен хабарландырулар орналасқан. Сонымен қатар оқу орнының соңғы жаңалықтармен таныса аласыздар. 

Арнайы Ректор блогында оқуға түсу, оқу және серіктестік мәселелері бойынша   Басқарма төрағасы – Ректор Б.А. Ердембеков тікелей жауап береді.

Аталмыш сайтта «ОҚУШЫҒА», «ТАЛАПКЕРГЕ», «СТУДЕНТТЕРГЕ», «ТҮЛЕКТЕРГЕ», «ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ» және т.б. жаңа бөлімдер топтамасы орналасқан.

Сондай-ақ университетіміздің 500-ден астам дана шығарлымы бар «Шәкәрім шаңырағы» газетінің электронды нұсқасын оқи аласыздар.

Сайтқа кіру үшін браузерге shakarim.edu.kz деп теріңіз.