Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 наурыз 2023мектеп оқушылары, шәкәрім гранты, жүрек жылуы

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ - МЕЙІРІМДІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕЙРАМЫ

Ұлыстың ұлы күні қашаннан қайырымдылық жасап, сауап алатын мереке. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсауын кескен «Жүрек жылуы» челленджін қолдау мақсатында Шәкәрім университеті ата-ана қамқорлығынсыз қалған және толық емес отбасынан шыққан Семей қаласының 17 мектеп түлегіне "Шәкәрім грантын" табыс етті.
Айта кетерлігі, осы күнге дейін білім ордасы Абай облысы аудандарының 9 мектеп түлегіне грант табыстады.
Ұлыстың ұлы тойы – Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған игі іс берекелі болсын! Барша қазақстандықтарды аталған челленджі қолдауға шақырамыз!