Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 қараша 2022құттықтаймыз, университет білім алушылары

ӨСКЕМЕНДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА VIRUS КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ

Шәкәрім университетінің өнерлі қыздары жиналған «VIRUS» командасы Өскемен қаласында өткен «DANCE RUSH» халықаралық хореографиялық өнер байқауының жеңімпазы атанып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қатысушылардың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 50 команда жиналды. «VIRUS» командасы университет басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіреді.
Талантты жастарымызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда табыс тілейміз! Қарашаңырағымыздың есімін әлемге танытар талапты студенттеріміз көп болсын!