Университетіміздің студенті Роза Нысантайқызы дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

03 март 2022спорт, құттықтаймыз, спортшыларымыз

Ақтауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Батыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ел біріншілігіне 14 облыс , Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 450-ден астам татами шеберлері қатысты. Байрақты бәсекеде Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы алтын медальды қанжығасына байлады. Биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын...

Подробнее

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАЙҚАУЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІС

17 август 2022құттықтаймыз, гранттық қаржыландыру

Шәкәрім университетінің ғалымы ҚР ҒЖБМ-нің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар байқауында құны 76 млн. теңгені құрайтын гранттық қаржыландыруды жеңіп алды.  Зерттеу тобының «Ішкі жану қозғалтқыштарының иінді біліктерінің тозған беттерін қалпына келтіру үшін дыбыстан жоғары доғалы металдандыру технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы техника ғылымдарының кандидаты Степанова Ольга Александровнаның жетекшілігімен, Plasma...

Подробнее

САБАНТОЙДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

10 сентябрь 2022студент, спорт, құттықтаймыз

Бүгін Абай облысының І Халықаралық Сабантой мерекесі аясында ұйымдастырылған "Белбеу" күресіне Шәкәрім университетінің студенттері қатысты. Республикалық турнирде бақ сынаған "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 1 курс студенті Мэлсов Нұржан боз кілем төрінде тартысты белдесумен көпшілік қауымды тәнті етіп, күміс жүлдені еншілеп қайтты. Жас спортшымызды жеңісімен құттықтай отырып aлдағы жарыстарда толағай...

Подробнее

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОЗА БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

03 октябрь 2022құттықтаймыз, университет түлегі

Университет түлегі әрі оқытушысы, танымал жазушы Қуат Қиықбай Оралхан Бөкей атындағы тұңғыш республикалық проза байқауының І орын иегері атанды. 28 қыркүйек қазыналы қазақ әдебиеті үшін мерейлі күн. "Республикалық проза байқауын ұйымдастырған алтын бесік Алтайдың азаматтарына, Өскемен қаласы әкімдігіне, Өскемен Қалалық Мәдениет Бөлімі, Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлеріне зор...

Подробнее

ӨСКЕМЕНДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА VIRUS КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ

07 ноябрь 2022құттықтаймыз, университет білім алушылары

Шәкәрім университетінің өнерлі қыздары жиналған «VIRUS» командасы Өскемен қаласында өткен «DANCE RUSH» халықаралық хореографиялық өнер байқауының жеңімпазы атанып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатысушылардың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 50 команда жиналды. «VIRUS» командасы университет басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіреді. Талантты жастарымызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда табыс тілейміз! Қарашаңырағымыздың есімін...

Подробнее

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫГЕРЛЕР КҮНІ

15 ноябрь 2022құттықтаймыз, валюта және қаржы күні

1993 жылы дәл осы күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ал, 1997 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен бұл күн әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде. Кейіннен жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды. Айта кетейік, Қазақ валютасы ерекше дизайнымен түрлі...

Подробнее

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ

21 ноябрь 2022құттықтаймыз, мерейтой, университет басшысы

Бүгін Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков оқу орнында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған Күлкен Жетпісбайқызын 60 жас мерейтойымен құттықтады. Күлкен Жетпісбайқызы оқу орнында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Жоғары білім сапасының артуына қомақты үлес қосып жүрген білікті маман.  Университет ұжымы атынан мерейтой иесіне қажымас қайрат, баянды ғұмыр, ортаймас бақ-ырыс тілейміз!

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ЖЕҢІМПАЗ!

22 ноябрь 2022студенттер, құттықтаймыз, венский бал

Бүгін Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика, Ветеринария және агроменеджмент, Жаратылыстану-математика факультеттері мен Шәкәрім жоғары колледжі қарашаңырақ намысын дәстүрлі "Вена балы - 2022" байқауында қорғады. Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

06 декабрь 2022гэф, құттықтаймыз, білім алушылар

Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Аудит пен есептің халықаралық стандарттарын енгізу проблемалары, қолдану тәжірибесі" атты халықаралық олимпиадаға "Экономика және қаржы" кафедрасының студенттері қатысты. Олимпиада жетекшілері PhD докторы М.С Искакова мен э.ғ.к. Л.З.Паримбекованың айтуынша, студенттер эссе жазып, тесттерге жауап берді. Есептер шығарып, мамандық туралы бейне байқауға қатысты. Тартысты шараға...

Подробнее

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЕРАСЫЛ БОКСТАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

12 декабрь 2022кездесу, құттықтаймыз, білім алушы

Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Шәкәрім университетінің студенті Ерасыл Жакпеков 80 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков студентті жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі. Ерасылдың айтуынша, байрақты бәсекеге әр өңірден 216 былғары қолғап шеберлері қатысты. «Чемпионатқа мен ұзақ дайындалдым. Мені қолдап, маған...

Подробнее

«ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ»

14 декабрь 2022құттықтаймыз, профессор-оқытушылар құрамы, танымдық шара

Шәкәрім университетінде «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты танымдық әдеби-сазды кеші өтті. Кешке университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлім қызметкерлері қатысты. Шарада сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков айтулы күннің ұрпақ жадында мәңгі сақталып, оны қастерлеу бүгінгі ұрпақтың еншісінде екендігін тілге тиек етті. -Бұл күн қазақ...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІНІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ

19 декабрь 2022құттықтаймыз, білім алушы, самбо

Шәкәрім университетінің студенті Мағжан Жұмашев қос бірдей жарыста жеңімпаз атанды. Абай облысында “Semey Open” кәсіпқой аралас жекпе-жектен облыстық ашық турнир өтті. Турнирге 150-ден астам спортшы қатысты. Мағжан жарыста оқ бойы озып шығып, 83,9 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Самбо және жауынгерлік самбодан “Қазақстан кубогы Қабанбай батыр мемориалы” жарысы ұйымдастырылды....

Подробнее

БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

15 январь 2023құттықтаймыз, шәкәрімдіктер, жас спортшылар, қазақ күресі

Аягөз қаласында қазақ күресінен жастра мен жасөспірімдер арасындағы Абай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Шәкәрім шаңырағының қанжығасы майланды. Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен шәкәрімдік балуандар 3 алтын, 5 күміс және 1 қоламен көш бастады. Ерлер арасында: 1 орын – Қуаныш Мақсұтов; 1 орын...

Подробнее

ДИССЕРТАЦИЯНЫ СӘТТІ ҚОРҒАУМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

06 февраль 2023құттықтаймыз, поздравляем, диссертация, юнеско

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасың докторанты МУРЗАЛИМОВА АСЕЛЬ КАБДЫГАЛИЕВНА «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Геоақпараттық жүйелерді қолданып иондаушы сәулелердің радиоэкологиялық әсеріне мониторинг жүргізу (Сарапан және Жанан қыстақтары мысалында)“ тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін іздену диссертациясын өте жоғары деңгейде қорғады. Отандық ғылыми кеңесшілері: Мамұтов Жекен Үмбетқұлович, биология ғылымдарының...

Подробнее

КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АТАЛЫП ӨТТІ

17 март 2023құттықтаймыз, наурыз мейрамы, күміс университеті

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл күн елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі. Шәкәрім шаңырағының Күміс университеті сән-салтанатпен Наурыз мерекесін атап өтті. Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы қатысушыларды атаулы мейраммен құттықтады. «Ата-бабаларымыз «бір ғасыр өмір сүр, бір ғасыр оқы» деп бекер айтпаса керек....

Подробнее

ҚАРАКӨЗДІКТЕР – ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

27 март 2023студенттер, құттықтаймыз, театр күні

Бүгін Халықаралық театр күніне орай "Студент жастар театры - 2023" фестивалі өтті. Студенттік театр додасында Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студент-жастар театры жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. "Үздік ер адам рөлін" – Мағауияұлы Сұңғат иеленді. Аталған фестиваль Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді....

Подробнее

РОЗА НЫСАНТАЙҚЫЗЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

26 май 2023спорт, құттықтаймыз, студенттеріміз мақтанышымыз, азия чемпионы

Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы Өзбекстан елінің Джиззак қаласында өткен Азия чемпионатында қазақ күресінен I орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Чемпионатқа 11 мемлекеттен 200-ге жуық татами шеберлері қатысты. Спортта тағы бір белесті бағындырған Роза маусым айында Ақтау қаласында өтетін жазғы универсиада да бағын сынайтын болады. Розамыздың асығы алшысынан...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ - ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

03 июль 2023құттықтаймыз, оқытушылар, жоба

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық конкурсқа Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, жоба жеңімпаздары атануда. 1.Жергілікті электролиттік-плазмалық шынықтыру арқылы жүк вагонының болат бөлшектерінің төзімділігін арттыру – Шаяхметов Ержан Ярнарұлы, 81 млн.теңге. 2.Гибридті күн коллекторында қолдануға арналған TiO2 негізіндегі нанофлюидті салқындатқыш...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР – ВОЛЕЙБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ

18 сентябрь 2023құттықтаймыз, шәкәрімдіктер жеңімпаз, қалалық турнир

Қала күніне орай №38 мектеп-лицейінде волейболдан қалалық турнир өтті. Турнирге облыстың жоғары оқу орындары мен колледж білім алушылары қатысты. Сайыс нәтижесінде шәкәрімдік қыздар қатысушылардан оқ бойы озып, қалалық турнирдің жеңімпазы атанды. Жас спортшыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

24 октябрь 2023құттықтаймыз, республика күні, марапаттау

Бүгін Шәкәрім университетінде Республика күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік шараның шымылдығын ашқан университет ректоры Думан Орынбеков құттықтау сөз сөйлеп, профессор-оқытушылар құрамы мен барша әріптестерге жылы лебізін білдірді. -25 қазан – қазақ елі үшін рухы аса биік, айрықша күн! Күні бүгінге дейін ана тілі мен отаншылдық, сапалы білім мен ғылым...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

24 октябрь 2023құттықтаймыз, отандық ғылым

Университет серіктесі - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жетістігі: бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Эрлан Ғаділетұлы Батырбеков бастаған бір топ ғалым Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің ішінде Шәкәрім университетінің түлектерінің бары ерекше қуантарлық...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY АЗИЯ БОЙЫНША ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНДА

13 ноябрь 2023құттықтаймыз, профессор-оқытушылар құрамы, университет дәрежесі

Британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы өткізетін Азияның үздік университеттерінің (QS Asia University Rankings - 2024) әлемдік рейтингісінің нәтижелері бойынша Шәкәрім университеті Азияның үздік 601-650 жоғары оқу орындарының қатарына еніп, ал Орталық Азия рейтингінде 30-орында. Asia rankings - 2024 Қытай, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Үндістан, Малайзия, Жапония, Вьетнам, Қазақстан және т.б....

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY ӘЛЕМДІК "ЖАСЫЛ" РЕЙТИНГКЕ ЕНДІ

07 декабрь 2023экология, құттықтаймыз, рейтинг

Университеттердің экологиялық инфрақұрылымын жетілдіруге, орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауда үлесін өлшейтін UI Green Metric World University Ranking әлемдік "жасыл" рейтингінің 2023 жылғы мәліметі бойынша Shakarim University әлемдегі ең жасыл оқу орындары қатарына кірді. Әлемдік рейтингте 812-ші позияцияда болса, қазақстандық университеттер арасында Shakarim University 9-шы орында. Басты мақсат - академиялық...

Подробнее