Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 мамыр 2023құттықтау, отан қорғаушылар күні

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Бұл мереке – әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын көздің қарашығындай сақтаған, тəуелсіздігіміз бен тыныштығымызды қас қақпай қорғаған жаужүрек ерлеріміздің күні. Бүгінгі тəуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мəртебелі мерекенің жемісі.
Сұрапыл соғыс жылдарында Шәкәрім университетінің түлектері мен қызметкерлері де қан майданның алдыңғы шебінде жүрді. Жоғары оқу орнының 60-қа жуық басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар.
Аса құрметті ер азаматтар қауымы!
Баршаңызға еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан еселі еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт тілейміз!