Бүгін "Ветеринария және агроменеджмент" факультетінде ашық сабақтар панорамасы басталды. Бекітілген кестеге сәйкес "Орман фитопатологиясы" пәні бойынша "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" ммандығында оқитын 3 курс, ЛД-901 тобының білім алушыларына, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасының аға оқытушысы Джаманова Гульнара Илюсюзовна дәріс оқыды. Дәріске университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің маманы Ксения Евгеньевна Нагаева, факультет деканы Айнұр Сембаевна Койгельдинова, кафедра меңгерушісі Кульсара Халимарденовна Нуржанова және факультеттің басқа да оқытушылары қатысты.
Бұл дәрістің ерекшелігі "Жетілдірілген дәріс" әдісін қолдану болды. Әдістің мәні-дәріс форматында сыни ойлауды дамыту стратегиясын қолдану. "Жетілдірілген дәрісті" студенттердің сыни ойлауының келесі аспектілерін дамытуға ықпал ету мақсатында, жұмысқа дайындық кезінде материалды өз бетінше құрылымдау, ұсынылған ақпараттағы негізгі блоктарды бөлу, сонымен бірге мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарды қарастыру, мәселенің мәнін баяндау және қорытынды жасау. Жазбаша түрде ынтымақтасу және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану, ақпаратты жазып алу, ақпараттық хабарламаның үзінділері оңтайлы түрде көрсету.
Дәріс іс-әрекетті ұйымдастыру логикасында қарастырылған оқытушылар мен студенттердің өзара әрекеттесу моделі ретінде ұсынылды, онда мақсаты, мазмұны, әдістері, қызмет нәтижелері, сондай-ақ оларға қол жеткізу кезеңдері және "орман патологиялық мониторинг" тақырыбы бойынша оқыту нәтижелері қарастырылды.
Сабақ дәріске қойылатын талаптарға толық сәйкес өткізілді. Дәріс оқудың құрылымы, мазмұны мен әдістемесі қатысушылардың көңілінен шықты.