Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 қыркүйек 2023студенттер, қойылым, шәкәрім форумы, өнерлі жастар

“ҚАРАКӨЗ” ТЕАТРЫ ПОЭТИКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫН ҰСЫНДЫ

Шәкәрім университетінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай “Қаракөз” студент-жастар театрының “Шәкәрім әлемі” поэтикалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Бұл қойылым бұрынғы қойылымнан өзгерек. Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау мақсатында ақынның өлеңдері негізінде режиссер Гүлжан Құдайбергенованың жетекшілігімен сахналанған моно-спектакль көптің көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерғали Бектенов қойылымды тамашалауға келген көрерменге алғысын білдіріп, ғұлама ақынның есімін ұлықтауға байланысты бастамаларды әрқашан қолдайтынын жеткізді.
Айта кету керек, университеттің абыройын асқақтатып жүрген, тарихы терең “Қаракөз” студент-жастар театры түрлі қойылымдармен ерекше ықыласқа бөленіп жүр. Осы ретте театр ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!