Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 ақпан 2023мерейтой, қазақ газеті

"ҚАЗАҚ" ГАЗЕТІНЕ 110 ЖЫЛ

Бүгін – отаршылдық құрсауындағы қазақ ұлтын өркениеттің кезекті белесіне жетелеген, азаттықтың алғашқы қоңырауы атанған әйгілі «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 110 жыл.
Қазақ журналистикасының тарихын да, демократиялық өркениетке ұмтылған күрес шежіресін де осы күннен бастап есептеуге болады.
Газет алғашында 3 мың таралыммен жарық көреді. Алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлының дерегі бойынша, кейбір сандары ел арасына тіпті 8 мың тиражбен тараған.
Газеттің бір жылға жазылу құны - 3 рубль, жарты жылға – 1 рубль 75 тиын, 3 айға - 1 рубль, жекелеген нөмір бағасы - 5 тиын болды.
Қазіргі теңгемен есептегенде 1913 жылы «Қазақ» газетіне жазылу шамамен (2022 жылғы есеппен):
1 жылға - 10584 теңге;
6 айға – 5 747 теңге;
3 айға – 3 283 теңге;
Газеттің жекелеген бір саны – 164,1 теңге болған.