Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 мамыр 2024құттықтау, отан қорғаушылар күні

Құрметті әріптестер мен білім алушылар! Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл сайын мамырдың алғашқы жайма шуақ күндері біз Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күнін атап өтеміз. Осындай атаулы да ерекше күнде аты аңызға айналған, тұңғыш «Халық Қаһарманы» атағының иегері, егеменді Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың жеткен биіктігі, артына қалдырған ұлы мұрасы кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге екендігін айтпаса болмас. Биыл Халық Қаһарманына 100 жыл. 

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды. Генералдың ерлігі және батырлығымен қазақстандық әскери қызметшілердің мыңдаған ұрпағы тәрбиеленуде. Сол даңғыл жолды жалғастырушы азаматтар, қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз елімізді шарпыған төтенше жағдай, су тасқыны кезінде қазақстандықтардың өмірін сақтап қалу арқылы Отанға адал қызмет етуде.

Қымбатты Қазақ Елі! 

Сіздерді тағы бір мәрте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Батыл да ержүрек жандардың  бұл мерекесі ылғи да бейбіт күн мен қуаныштар алып келсін.
 
Құрметпен, Басқарма төрағасы – Ректор
Думан Орынбеков