Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Б.А.ЕРДЕМБЕКОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
–Шәкәрім шаңырағының атынан ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мереке – мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін, мемлекеттің және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген қызметкерлердің және түлектеріміз бен болашақ мамандарымыздың мерекесі!
Біз өз кезегімізде, 3 сатылы білім беру саласының өкілдері ретінде кәсіптік даярлауға және қазіргі заманауи зерттеу әдістерімен барлық ауылшаруашылығының салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандарды арттыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Шәкәрім университеті дуальді білім беру бағдарламасы негізінде «Kondiz» ЖШС, «Восток-Молоко» ЖШС, «Qazaq Aqbas» АҚ, «Шалабай» ЖШС, «Qazaq Astyq Group», «Қалиқанұлы» ШҚ, "Мұздыбай" ШҚ, «Айша» сүт цехы және т.б. таңдаулылармен серіктестік байланысын арттырды. Аталмыш кәсіпорын, шаруашылықтар ғылыми-әдістемелік әрі тәжірибелік алаң ретінде студенттеріміздің кәсіби шыңдалуына зор үлес қосып келеді.
Сіздерді еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Басқарма Төрағасы – Ректор
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ