Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 мамыр 2022поздравление

ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл сайын мамырдың алғашқы жайма шуақ күндері біз Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күнін және халқымыздың фашизмге тойтарыс берген тамаша ерлігі мен ұлы жеңісін аса құрметпен атап өтеміз.
Сұрапыл соғыс жылдарында Шәкәрім университетінің түлектері мен қызметкерлері де қан майданның алдыңғы шебінде жүрді. Жоғары оқу орнының 60-қа жуық басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды»,-деп, азаматтық борышын адал өтеп жатқан барлық әскерилерге айрықша сенім артқан еді.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, БІЛІМ АЛУШЫЛАР!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Құрметпен, Басқарма Төрағасы – Ректор
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ