Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 тамыз 2024челледж

Құрметті түлектер! ### Шәкәрім университетінің 90 жылдығына орай 90 күн естеліктер челленджі! Естеліктер поштасы: press@shakarim.kz, shakarim@shakarim.kz

Құрметті түлектер, Шәкәрім университетінің достары!

Бүгін, 1 тамызда, Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше челленджді бастаймыз.
90 күн ұмытылмас естеліктерге, шабытқа және мақтанышқа толы болмақ. Біз оларды Shakarim University ресми сайтында: [https://shakarim.edu.kz/](https://shakarim.edu.kz/), әлеуметтік желілердегі аккаунттарда: Instagram, Facebook, Telegram Messenger, X #ShakarimUniversity90жыл хэштегімен жариялаймыз.

Не істеу керек?
Естеліктеріңізбен бөлісіңіздер: press@shakarim.kz, shakarim@shakarim.kz
Студенттік өмірдегі ең жарқын сәттерді, жетістіктерді, достарды және  өміріңізде із қалдырған оқытушыларды еске алыңыздар.
Өздеріңіздің Шәкәрім университетіне қатысты қызықты әңгімелеріңізді және фотосуреттеріңізді жіберіңіздер.
### Естеліктеріңізді және фотосуреттеріңізді press@shakarim.kz, shakarim@shakarim.kz электронды пошталарына жіберулеріңізге мархабат.
Бұл университетте өткізген уақытыңызға байланысты фотосуреттер, бейнежазбалар, әңгімелер және кез келген басқа материалдар болуы мүмкін.
Сіз өз курстастарыңызды, достарыңызды белгілей аласыз. Оларды челленджге қосылуға шақырыңыз! Бірге біз ерекше естеліктер жинағын жасаймыз.
Университетке хат жазыңыздар press@shakarim.kz, shakarim@shakarim.kz
Егер университетке айтатындарыңыз болса, алғыстарыңызды  жүрек жарды тілектеріңізді жазыңыздар. Біз сіздердің хаттарыңызды қуана қабылдаймыз және оларды әлеуметтік желілерде бөлісетін боламыз.
Сіздердің баға жетпес  естеліктеріңіз Шәкәрім университетінің мұрасын арттырып қана қоймай, олар бүгінгі және ертеңгі ұрпақты шабыттандырады.
Қосылыңыздар!
### Шәкәрім университетінің атмосферасына еніп, оның ертеңгі күннің жаңа тарихымен сусындаңыз.
Бұл ұмытылмас оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Шәкәрім университетінің челленджі! Бүгін, 1 тамызда бастаймыз, 31 қазанға дейін жалғастырамыз.
Сіздер үшін – біздің пошта: press@shakarim.kz, shakarim@shakarim.kz