Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 қазан 2022құттықтаймыз, университет түлегі

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОЗА БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Университет түлегі әрі оқытушысы, танымал жазушы Қуат Қиықбай Оралхан Бөкей атындағы тұңғыш республикалық проза байқауының І орын иегері атанды.
28 қыркүйек қазыналы қазақ әдебиеті үшін мерейлі күн. "Республикалық проза байқауын ұйымдастырған алтын бесік Алтайдың азаматтарына, Өскемен қаласы әкімдігіне, Өскемен Қалалық Мәдениет Бөлімі, Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлеріне зор алғыс. Бұл бір ғана О.Бөкей мұрасын насихаттау емес бүгінгі қазақ прозасының дамуына қосылған үлес"!- дейді Қуат Қиықбай.
Оқытушымыздың жеңісімен құттықтай отырып шығармашылық табыс тілейміз!