Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қазан 2021корытынды

ROAD SHOW ENACTUS KAZAKHSTAN ҚОРЫТЫНДЫСЫ

12 қазан күні Шәкәрім шаңырағында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Road show Enactus Kazakhstan жастар кәсіпкерлігі форумы басталғандығын хабарлаған болатынбыз.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=607628610418659&id=100035145771446

Шара 13 қазанда мәресінежетті. .
Форум барысында қаржылық алаяқтық және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты пайдалы ақпараттар айтылып, БҰҰ-ның тұрақты дамуының он жеті мақсаты таныстырылды. Шараның екінші күнінде университет түлектері, кәсіпкерлер Е.Турсын, А.Толеновтар «Кәсіпкерліктегі менің жолым», «Қаржылық сауаттылық. Акциялар /Криптовалюта» тақырыптарында қатысушылармен тренингтер өткізді.

Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесінің мүшесі , кәсіпкер, «Eurasia Gold» ЖШС құрылтайшысы, университет түлегі Б.Мукашев әлемдік деңгейдегі кәсіпкер болғандықтан жастардың ұсынған жобалар ішінен жаһандық мүддеге жететін жобаларды іздегендігін айтты. Аталған мүддеден шығатын жобалардың жоқтығын айта отырып, бірақ сол мүддеге жақын жобаларды ақшалай қолдайтындығын жеткізді. Бұл жастарға үлкен мотивация мен жауапкершілік берді. Жасаңдылықтан алыс пікірге жастар толықтай келісті. Бизнес саласындағы бәсекелестіктің жеңіл жолмен келмейтіндігін ұғынды. Өтіп жатқан шара жобалардың үлкен мүдде алдындағы жауапкершілігін танытты. Барлық студенттер, жастар осы сынға түсіністікпен қарап, риза болды.

Сонымен қатар аталмыш шараның салтанатты жабылу және қатысушыларды марапаттау рәсімдері өтті. Форумға қатысушылар арасында медиа конкурс жарияланған болатын, нәтижесінде Павлодар қаласының Торайғыров атындағы университеті жеңіске жетті. Аталған медиа конкурста Павлодар педагогикалық университетінің студенті Дариға Жумантай жоғары нәтиже көрсетіп, «Самый креативный стол» номинациясын Павлодар педагогикалық университеті иеленді.

Enactus Kazakhstan жас кәсіпкерлер форумына қатысқан барлық қатысушыларға алдағы уақытта өтетін республикалық форумда сәттілік тілейміз. Айта кетейік, форум жеңімпаздары 18-19 қараша айында Алматы қаласында өтетін республикалық форумда белгілі болады.