Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 ақпан 2024дуальное обучение, строительство

«СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» БАҒЫТЫНДАҒЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жаңадан құрылған Абай облысын білікті кадрлармен қамтамасыз ету жергілікті оқу орнының басты міндеті. Осы орайда, Shakarim University «Сәулет және құрылыс» бағытындағы білім беру бағдарламалары сол міндеттерді тиімді іске асыруда.

«Құрылыс» және «Геодезия және картография» білім беру бағдарламалары Семей қаласындағы ірі өндіріс кәсіпорындарымен бірлесіп, дуалды білім беру, сондай-ақ тәжірибесі мықты өндірістен маман тарту сияқты болашақ кадрларды сапалы дайындау бағытына сай ауқымды жұмыс жүргізуде.

Қаламыздағы GeoID ЖШС-і – еліміздің барлық аумағында ірі жобаларды іске асырып отырған мекемелердің бірі. GeoID ЖШС-і өндірістік базасында білім ордасының студенттері тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен практикаға негізделген әрі сапалы дуалды білім алуда.

Кәсіпорын мамандары білім алушылармен бірлесіп, жоба аясында №7 Оқу-әкімшілік ғимаратының 3D сызба жобасын дайындау бойынша түсірілім жұмыстары жүргізілуде. «Құрылыс» және «Геодезия және картография» білім беру бағдарламалары практикаға негізделген білім беру үрдісін алдағы уақытта да тиімді іске асырмақ.